Алматы облысы әкімінің 31 шілдедегі өкімімен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімімен Ахметов Данияр Дүйсенбіұлы Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысының лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Данияр Дүйсенбіұлы 1984 жылы туған. 2006 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын «заңгер» мамандығы бойынша, 2015 жылы Ұлыбритания Шеффилд Университетін бітіріп, «Болашақ» бағдарламасы аясында «халықаралық қатынастар магистрі» атанды.
Еңбек жолын 2005 жылы Есеп комитетінің инспекторы болып бастаған.
Әр жылдары Индустрия және сауда министрлігінің бас маманы, Қаржы нарығын реттеу мен қадағалау агенттігі сарапшысы, Экономикалық даму және сауда министрлігінің басқармасының бастығы, департамент директорының орынбасары, Премьер-министр бірінші орынбасарының кеңесшісі, Премьер-министр Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Премьер-министр Кеңсесі Басшысының орынбасары, Премьер-министр кеңесшісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің инспекторы, Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Алматы облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған.
Осы уақытқа дейін Алматы облысы әкімінің аппараты басшысының орынбасары лауазымында қызмет еткен.