• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Ауа райы 01 Тамыз, 2023

Аптап ыстық бүгін де сақталады

278 рет
көрсетілді

1 тамыз күні атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің басым бөлігінде күн райының құбылмалы сипаты сақталып, найзағай мен жаңбыр болжанады. Тек батыста, оңтүстік пен солтүстік-шығыста жауын-шашын болмайды. Барлық өңірде жел тұрады. Солтүстікте түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Нақтырақ айтсақ, күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақмола, Атырау облыстарында, сондай-ақ Жетісу, Ұлытау, Абай облыстарында Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде 35-40°с қатты ыстық болады.

Солтүстік Қазақстан облысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысы мен орталығында өрт тұтанудың жоғары қаупі күтіледі.

Маңғыстау, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында, Ақмола облысының оңтүстігі мен батысында өрт қаупі аса жоғары болады.