• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Тамыз, 2023

Қызылордада ер адам өзін өртеп жіберді

337 рет
көрсетілді

Сүйгеніне қосыла алмай, өзін өртеп жіберген адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқыс оқиға 30 шілдеде болған. Қызылорда тұрғыны сүйген қызының жүрегін жаулай алмай, өзін өртеп жіберген.

Оқиғаны облыстық полиция департаменті растады.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабына сәйкес тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды», деп жазылған хабарламада.

Ер адам ауруханаға жатқызылды. Жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.