• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Білім 01 Тамыз, 2023

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау аяқталды

223 рет
көрсетілді

Қазақстанда 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау мерзімі аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz  ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. 

Ведомство құжат қабылдау төрт ай, яғни 1 сәуірден 1 тамызға дейінгі аралықта жүргізілгенін еске салды.

«Осы мерзім ішінде қазақстандықтардан 377 681 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 339 880 оқушы бірінші сыныпқа қабылданды. Өтініш берішулердің 70,7% мектепті мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірді. Құжаттарды қабылдау еgov.kz электронды порталы және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы іске асырылды», делінген хабарламада. 

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бірінші сыныпқа қабылданушылардың ең жоғары көрсеткіші Шымкент қаласында (99,3%), Павлодар (97,6%), Шығыс Қазақстан (96,6%) облыстарында тіркелді.