Астана қаласының бірнеше ауданында оқушыларды мектепке дайындау үшін жәрмеңкелер ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қалалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыевтың айтуынша, қазіргі уақытта жәрмеңкелерге дайындық жұмыстары жүріп жатыр.
12 тамыздан бастап демалыс күндері елорда тұрғындары жәрмеңкеден мектепке қажет құрал-жабдықтарды арзан бағамен ала алады.
Жәрмеңкелер елорданың бес ауданында ұйымдастырылады.