• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Құрылтай 04 Шілде, 2023

Ізгіліктің бастауы

107 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Түркістан қаласында ˆткен Ұлттық құрылтайдың екінші мәжілісінде кеңінен қозғалған қоғамды жаңғырту, мәдени-рухани даму, білім және ғылым саласының мәселелері ˆзектілігімен назар аударады.

Былтырғы Ұлытау өңі рінде өт кен алғашқы құрылтай еліміздегі тұрақтылық пен татулық тақырыбына арналса, биылғы құрылтай «Əділетті Қазақстан – Адал азамат» деп аталған екен. Осы атауының өзі қазақ елінің көкейінде күлбілтеленіп жүрген көмбенің бетін сыпырғандай, ақиқат пен шындық шырағданын жақты. Сондықтан Түркістан төріндегі ұлы құрылтайды жаңғырудың, жарқын болашақтың, жаңа үміттердің бастамасы деп білемін.

Президентіміз: «Ұлттық құрылтай бұл – арқаны кеңге салып отыратын жиын емес. Сəн-салтанатпен өткізетін той да емес. Бабаларымыз маңызды шешім қабылдар кезде немесе елге қатер төнген сын сағатта құрылтай шақырған», деп айтып өткендей қазіргі халық аралық ахуалдың бұрын-соңды болмаған жағдай да шиеленісе бастаған кезінде елдің береке-бірлігі де сынға түсетінін ұмытпауымыз керек. Қазақ халқы үшін құрылтайда сөз болған жер мəселесі, ауыл ахуалы, қазақ тілінің тұғыры, шекара мəселесі, жемқорлыққа қарсы тұру əдістері, «Адал азамат» ұстанымы, қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмысы секілді өзекті мəселелердің ешқайсысы үлкен-кіші, маңызды-маңызсыз деп бөліп-жаруға кел мейтін, əрқайсысы қастерлі, бірігіп күш салып, күресетін өткір мəселе. Өз басым Президенттің жер тұтастығына байланысты айтқан ой-пайымынан өз-өзіне сенімді нағыз көшбасшының ұстанымын көріп, разы болдым. Ел арасындағы алыпқашпа сөздерге нүкте қойды деп санаймын. Расында да, Президентіміз айтып жүрген Əділетті Қазақстанды адал азаматтар ғана құра алады. Ал «адал» деген сөз қарапайым азаматтарға ғана қатысты болмауы керек, ең алдымен «адал шенеунік», «адал маман» деген ұғым алға шықса, бұл сөздің мағынасы сонда ғана ашылып, сенім тудыра алмақ. Өмірімді өнерге арнаған ақсақал ретінде айтарым, біздің қоғамдағы əр өзгеріс елдің ертеңі, ұрпақтың болашағы жарқын болуы үшін жасалып жатыр. Сондықтан да келешек Қазақстанды көтеру үшін білімді, еңбекқор жастарды тəрбиелеу, оларды масылдықтан арылтып, мемлекетшіл болуына ат салысу – əрбір ата-ана, азамат адамның борышы.

Отаншылдық, адамгершілік, білімпаздық, нағыз маман болу, үнемшілдік, еңбекқорлық, ел мен жерге жанашырлық сияқты асыл қасиеттер бəрі нен биік тұруға тиіс. Болашағымыз жарқын болсын десек, адал еңбек етіп, адал ас ішейік. Еңбектің бағасын білген адам өзгенің маңдай тері мен қажыр-қайратына да құрметпен қарайды. Адамның бір-біріне деген құрметі тек осылай ғана оянып, ынтымағы күшейе түседі. Əр салада адалдық басты орында тұрса, əділ қоғам орнайды. Ел мүддесіне сай шешім қабылданады. Бір сөз бен айтсақ, қоғамдағы ізгіліктің бəрі адалдықтан бастау алады. Ендеше, «Əділетті Қазақстан» жəне «Адал азамат» ұғымдары ел тірегі болатын егіз құндылық ретінде əрдайым иық тіресіп, қатар тұруға тиіс.

 

Асанәлі ӘШІМОВ,

Қазақстанның Еңбек Ері