Taza.kz

# Құрылтай

Құрылтай • 05 Маусым, 2026

Құрылтай депутаттарына қандай шектеулер қойылады?

Заң нормалары Құрылтайдағы депутаттық бірлестіктерді құру және олардың қызмет ету тәртібін айқындайды. Олар саяси ұйымдасу мен өкілдіктің маңызды құралы болып саналады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құрылтай • 05 Маусым, 2026

Сот жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз етуде Құрылтайға қандай рөл берілген?

Конституциялық заңда Құрылтайға жоғары мемлекеттік лауазымдарға ұсынылатын кандидатураларды келісу өкілеттігі берілгені белгіленген. Президент Вице-Президентті, Премьер-министрді, Конституциялық Сот судьяларын, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары аудиторлық палатаның мүшелерін тек депутаттардың ресми келісімін алғаннан кейін ғана тағайындай алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құрылтай • 05 Маусым, 2026

5 жылға сайланатын 145 депутат: Президент Құрылтай туралы конституциялық заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Құрылтайдың ұйымдастырылуы мен қызметін, сондай-ақ оның депутаттарының құқықтық мәртебесін айқындайтын «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құрылтай • 08 Мамыр, 2026

Қазақстанда Депутаттық әдеп жөніндегі кеңес құрылады

Кұрылтай туралы конституциялық заң жобасында депутаттық бірлестіктерді құру мен олардың қызмет тәртібі жан-жақты нақтыланған. Құжатта фракциялар мен депутаттық топтар заң шығару үдерісіндегі негізгі саяси тетік ретінде қарастырылып, депутаттардың ұстанымын үйлестіруге және өкілдік қызметін күшейтуге мүмкіндік беретіні көрсетілген. Депутаттық бірлестіктерді тіркеу Құрылтай бюросы арқылы жүргізіледі, ал олардың жұмыс тәртібі регламентпен реттеледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құрылтай • 28 Қаңтар, 2026

Киберқауіпсіздік заң жүзінде жүйеленді

Цифрландыруға қарқынды бет алдық. Бұл дегеніміз – деректер ең құнды капиталға айналды деген сөз. Қазір­­дің өзінде кез келген қызметті алу үшін аты-жөніңіз, телефон нөміріңіз, электронды поштаңыз керек. Өзіңіз берген ақпарат түрлі компаниялардың, хакерлердің қолына оп-оңай өте береді. Әдетте бұндайға аса мән бермей­міз. Алайда мемлекеттік деңгейде цифрландыруға көш­кенде бұған бейжай қарамауымыз керек. Киберқауіпсіздікті қаперден шығаруға бол­майтынын үнемі еске салып жүретін Мемлекет басшысы бұл мәселені Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай отырысында да айрықша атап өтті.

Құрылтай • 28 Қаңтар, 2026

Реформаны халық сенімі тұғырландырады

Газетіміздің өткен санында Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы үш отырысы өткенін жазған едік. Бұл комиссия бұған дейін жарты жыл жұмыс істеген Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының заңды жалғасы екенін, оған Ата заңымызды түбегейлі жаңғырту міндеті жүктеліп отырғанын, түрлі саладан бас қосқан білікті сарапшылар талқылауларға қатысып, пайымды пікірлерін ортаға салғанын тілге тиек еттік. Жиындар барысында айтылған орайлы ойлардың бірқатарын оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік.

Құрылтай • 27 Қаңтар, 2026

Әлемдік тәжірибедегі бір палаталы Парламент тиімділігі

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың Қызылордада өткен бесінші отырысында бір палаталы Парламент құруды айрықша атап өтті. Ашықтық, теңгерімді билік қағидаларына негізделген конституциялық реформа мемлекетіміздің саяси жаңғыру үдерісіндегі үлкен жетістіктерінің бірі ретінде бағаланып жатыр.

Құрылтай • 26 Қаңтар, 2026

Азат Перуашев: Бір палаталы Парламентке көшу – саяси реформаның қисынды жалғасы

Конституциялық реформа аясында бір палаталы Парламентке көшу Қазақстанның саяси жүйесін дамытудың маңызды қадамы саналады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның үшінші отырысында айтты, деп жазады Egemen.kz.      

Құрылтай • 26 Қаңтар, 2026

Нұрлан Бекназаров: Құрылтайдың келісімінсіз депутатты жауапкершілікке тартуға болмайды

Конституциялық комиссияның екінші отырысы аясында Парламент Сенатының депутаты Нұрлан Бекназаров Қазақстанда өкілдік билікті нығайтуға және демократиялық институттарды дамытуға бағытталған негізгі бастамалар туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Соңғы жаңалықтар
Фото
Яндекс.Метрика