Ол пропорционалды сайлау жүйесі қоғамдағы саяси күштердің мүддесін барынша кең қамтуға мүмкіндік беретінін жеткізді. Мұндай тәсіл партиялардың институционалдық дамуын жеделдетіп, Парламенттегі саяси бәсекені арттырады.
Әділет министрі Конституцияға қандай өзгерістер енгізілетінін айтты
Депутат екі палаталы Парламент моделі негізінен федералдық мемлекеттерге тән екенін атап өтті. Ал Қазақстан унитарлық мемлекет ретінде заңдардың ел аумағында біркелкі қолданылуын, өңірлер мен азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерінің тең сақталуын басты қағида етіп келеді.
Сондай-ақ ол Мемлекет басшысының бұл бағыттағы қадамдары жүйелі түрде жүзеге асып жатқанын айтты. 2022 жылы заң шығару құқығының Мәжіліске берілуі мен Сенаттың функцияларын қайта қарау қазіргі реформалардың логикалық жалғасы ретінде бағаланды.
Азат Перуашевтің пікірінше, бір палаталы Парламенттің өкілеттігін күшейту мемлекеттік билік жүйесінің тиімділігін арттырады. Сонымен бірге Конституцияда Халық кеңесінің мәртебесін бекіту бастамасы азаматтық қоғам мен этностардың саяси үдеріске қатысу аясын кеңейтіп, қоғамдық келісімді нығайтуға ықпал етеді.
Нұрлан Бекназаров: Құрылтайдың келісімінсіз депутатты жауапкершілікке тартуға болмайды
Депутат ұсынылып отырған конституциялық өзгерістер халықаралық тәжірибеге сай келетінін және парламентаризмді дамытудың жинақталған үлгілеріне сүйеніп отырғанын атап өтті.