Тексеріс нәтижесі бойынша Есіл аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторы қызметінен босатылды. Ал жергілікті полицияның жұмысын ұйымдастыруға жауапты бас учаскелік инспектор мен кезекішілік бөлімінің жедел кезекшісіне ескерту жасалды. Екеуі де қызметіне толығымен сай емес деп танылды.
«Есіл аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары қызметінен босатылды. Ал аудандық басқарманың бастығына сөгіс жарияланды», делінген ресми хабарламада.
Шүменовке қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Боксшының өзі қашып кетті. Қазір оған ресми түрде мемлекетаралық іздеу жарияланды.
Естеріңізге сала кетейік кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов Астанадағы ойын-сауық орталықтарының бірінде қолында баласы бар ер адаммен жанжалдасып, оны бірнеше рет ұрған. Видео әлеуметтік желіде тарап, қазақстандықтардың наразылығын тудырды.