Үкімет 27 шілдедегі қаулыға сәйкес мереке күндерінің тізбесін жаңа редакцияда бекітті. Мерекелік күндердің қатарына Нан күні енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Нан күні Қазақстан Республикасының мерекелік күндерінің тізіміне 2019 жылы енгізілген.
Нан - азық-түліктің ішіндегі ең маңызды және ең танымал, сүйікті тағамдардың бірі. Ежелден бері әлемнің барлық халықтарында нан ерекше құрметке ие болып келеді.
Нан күні – астық және ұн өнімдерінің құрметін арттырып, қазақстандық диқандардың, ұн тартушылар мен наубайханалардың еңбегін елеу үшін арнайы белгіленді.
2006 жылдан бастап 16 қазанда - Дүниежүзілік нан күні аталып өтіледі. Бұл күні көптеген елдерде нан өнімдерінің түрлі көрмелері, аспазшылардың, наубайханалардың және кондитерлердің кездесулері, жәрмеңкелер, шеберлік сыныптар, халықтық серуендер, сондай-ақ барлық мұқтаж адамдарға нанның тегін таратылуы, қайырымдылық акциялары және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады.