• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Теннис 02 Тамыз, 2023

Александр Недовесов ATP-250 турнирінің ширек финалына шықты

228 рет
көрсетілді

Автрияның Кицбюэль қаласында ATP-250 турнирі өтіп жатыр. Қазақстандық теннисші Александр Недовесов жұптық сайыста бірінші айналымдағы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Эквадор өкілі Гонсало Эскобармен жұптасқан қазақстандық теннисші турнирдің негізгі жеребесі бойынша алғашқы кездесуде Марсело Демолинер (Бразилия) - Филипп Освальдты (Австрия) 6:3, 6:4 есебімен жеңді.

Недовесов пен Эскобар жартылай финалға шығу үшін Самуэль Вайсборн - Ромен Арнеодо (Монако) дуэтімен күш сынасады.

Бұған дейін осы турнирде Қазақстанның тағы бір өкілі Андрей Голубев жұптық сайыстың бірінші айналымында украиналық Денис Молчановпен дуэт өткізіп, жеңіліп қалған еді.