ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына Зұлфұхар Сансызбайұлы Жолдасов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Зұлфұхар Жолдасов 1976 жылы туған.
Қазақ мемлекеттік университетін «құқықтану» және Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «эколог» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын прокуратура саласынан бастаған. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау, Энергетика, Экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерінде басшылық лауазымдарды атқарған.
Осыған дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратында өңірлерді дамыту бөлімінің инспекторы лауазымында еңбек етті.
Зұлфұхар Жолдасов облыс әкімінің бірінші орынбасары ретінде сәулет және қала құрылысы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау, бақылау жөніндегі басқармаларының жұмыстарына жетекшілік ететін болады.