• RUB:
    5.05
  • USD:
    450.79
  • EUR:
    482.21
Басты сайтқа өту
Теннис 04 Тамыз, 2023

Екінші айналымда сүрінді

161 рет
көрсетілді

Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Александр Бублик АҚШ-тың Вашингтон қаласында өтіп жатқан ATP 500 турнирінің үшінші айналымына шыға алмады.

Мұхиттың арғы бетіндегі жүлде қоры 1,9 млн долларды құрайтын турнирді екінші айналымнан бастаған жерлесіміз үшінші кезеңге шығу үшін осыдан бірнеше жыл бұрын әлемдік рейтингте ТОП-20 тен­нисшінің қатарында жүріп, талай турнирде дара шыққан тәжірибелі франциялық Гаэль Монфиспен шеберлік байқасты.

Жарақатына байланысты кейінгі жылдары бірқатар жарысқа қатыса алмай, дүниежүзілік рейтингте 323-орынға дейін түсіп қалған Г.Монфис 1 сағат 23 минутқа жалғасқан бәсекеде А.Бубликті екі сетте бет қаратпай жеңіп кетті – 6:3, 6:4. Матч барысында Бублик 3 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың тек біреуін ғана пайдалана алса, франциялық теннисші 5 эйс, 3 брейкпен (10 брейк-пойнт) көзге түсті.