ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында ағымдағы жылдың 17-21 шілде аралығында Шығыс Қазақстан облысында дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мамандарының қатысуымен діндар әйелдер арасында діни экстремизмнің таралуын алдын алуғабағытталған семинарлар және әртүрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастыру шеңберінде өңіртұрғындарымен бірқатар кездесулер өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аталған кездесулерге РАТТ мүшелерінен (теологтар, дінтанушылар) – Қожахметова Т.З., Солтан Р., Новикова С.Н., Кикумова А.З. тартылды.
РАТТ мүшелерінің қатысуымен Өскемен қаласы, Глубокое, Алтай, Үлкен Нарын, Катонқарағай аудандары, Солдатово, Катонқарағай ауылдарының достық және мәдениет үйлері, өңірлердегі орталық кітапхана мен аудандық аурухана қызметкерлерімен, мешіттегі әйел жамағаты, әлеуметтік осал топтағы әйелдер мен көпбалалы аналармен және т.б қатысушылармен семинарлар және кездесулер өткізілді.
Өткізілген іс-шараларда өңірлердіңтұрғындарына теріс діни ағымдардың белгілері, Қазақстан Республикасындағы жалпы білім берудің зайырлы сипаты, әлеуметтік желілердегі Қазақстандағы хиджаб туралы дискурстар туралы ақпараттар берілді.
Сарапшылар діннің рухани-адамгершілік құрамдас бөлігі мәселелеріне, қазіргі қоғамдағы діндар әйелдердің рөлі мен әлеуметтік мәртебесін, сондай-ақ әйелдер арасында діни сауаттылықты арттыруға, деструктивті діни ағымдардың әсеріне қарсы тұру шараларына ерекше назар аударды.
Тыңдаушылар тарапынан да РАТТ мүшелеріне бірқатар сұрақтар қойылып, тұжырымды жауаптар алынды.