• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Елорда 04 Тамыз, 2023

Jüregımnıñ Jenımpazy: Астанада қайырымдылық жарысы өтеді

163 рет
көрсетілді

Астанада Jüregımnıñ Jenımpazy атауымен «Жүрек орталығы» қоры ұйымдастырған қайырымдылық жарысы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара Қазақстанда алғашқы жүрек трансплантациясының күніне орайластырылып отыр.

Жарыс 6 тамызда өтеді. Іс-шараның өткізілуіне байланысты осы күні таңғы сағат 8:00-ден 10:00-ге дейін көшелердің мынадай учаскелері жабылады:

- Ақмешіт көшесінен бастап ЭКСПО аумағын толық айналып өту;- Түркістан көшесі Ұлы-Дала көшесінен Абу-Даби Плаза ғимаратына дейін;- Ақмешіт көшесі – Абу-Даби Плаза ғимаратынан ЭКСПО алаңына дейін- 3 шақырым қашықтыққа Ұлы Дала көшесінің бойындағы Ақмешіт көшесі мен Түркістан көшесінің аралығы жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.