Түркияның Стамбул қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында еркін күрестен ел қоржынына алғашқы жүлде түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстандық балуандардан алғашқы жүлде иегері болған 110 келі салмағындағы Едіге Қасымбек әлем чемпионатында күміс медальды қаңжығасына байлады.
Сондай-ақ Қазақстан құрамасынан 45 келіде Нұрмұхамед Тұрдалы, 71 келіде Нұрдәулет Сейілбеков, 92 келіде Самир Дурсунов өз салмақтары бойынша финалдық белдесулерге шығады.