Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ жазғы универсиадада Қазақстан құрамасы медальдар кестесі бойынша 17-орынға табан тіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Милад Карими спорттық гимнастикадан финалдық сатыда алтын медаль алғаннан кейін еліміздің құрамасы медальдар кестесінде 17-орынға көтерілді.
Қазіргі таңда Қазақстан спортшыларының қаңжығасында 2 алтын, 7 күміс, 10 қола, барлығы 19 медаль бар.