Аралас жекпе-жек әлеміндегі ең беделді ұйым – UFC-де өнер көрсететін жерлесіміз Асу Алмабаев дебюттік айқасында жеңіске жетті.
АҚШ-тың Нэшвиллде қаласында ұйымдастырылған UFC турнирінің алдын ала кардында отандасымыз америкалық Оде Осборнмен кездесті. Аса тартысты өткен айқастың екінші раундында отандасымыз қарсыласын ауырту әдісімен тізе бүктіріп, UFC әлеміндегі алғашқы жеңісін тойлады. Бұл – Асудың UFC-дегі тырнақалды табысы болса, ММА-дегі 14 жеңісі.
Сонымен қатар Асу Алмабаев айқасын мерзімінен бұрын аяқтағаны үшін UFC тарапынан қосымша 50 мың доллар көлеміндегі сыйақыға ие болды. Жерлесімізден бөлек мұндай қаражат мерзімінен бұрын жеңіске жеткен Татьяна Суарес, Дастин Джейкоби, Диего Лопес пен Карлстон Харриске де берілді.