• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Тамыз, 2023

Алматыда жерлеу қызметіндегі көлеңкелі бизнестің жылдық айналымы миллиардтарды құрайды – маман

680 рет
көрсетілді

Қазіргі кезде көпшілік арасында бейіттерді сәндеп,  жанына марқұмдардың мүсінін тұрғызып, тіпті сол әсемдеу үшін арнайы дизайнерлердің қызметіне жүгінетіндер саны артты. Қысқасын айтқанда, ақырет мекенге де көк тиын­сыз кіре алмайтындай жағдай қа­лып­та­сып отыр. Бұл бизнес түрінен нәпәқа тауып жүргендер жайлы «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі Гүлбаршын Айтжанбайқызының мақаласынан оқи аласыздар.

2017 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар Кеңесінің XV мәжілісінде мешіт жамағаттары мен жекелей азаматтардан келіп түскен сұ­рақ­тар мен өтініштерге байланысты мұсылман зиратының қағидалары мен талаптарын бекіткен еді. Онда шариғат тұрғысынан қабір үстінен қандайда бір құрылыс жүргізуге рұқсат жоқ делінген. 

Енді жерлеу рәсімі ғана емес, бейіт құлпытасына қатысты әртүрлі пікір айтылып жүргенде, зираттарға QR орнататын жаңалық бізге де жетіпті. Технологияның мұндай сегменті алғаш рет Азияның технологиялық дамыған елдерінде – Қытайда, Жапонияда, Корея­да, кейіннен Ресейде пайда болған. Ал елімізде жаңа тәжірибеге үрке қара­ған­дар көп болыпты.

Осы бағдарламаны елімізге алып келген Сергей Профир журналистермен кездескен кезде QR-кодтың көме­гі­мен бейітте жерленген марқұмның фотосуреттерін көріп, аудиожазбалардан да­уысын естуге мүмкіндік болатынын айтыпты. Оның айтуынша, жобадағы мәтіннің мазмұнына тапсырыс берушінің өзі жауапты. Өлілерге арналған цифрлық жоба авторының айтуынша, қоғам мұны әзірге құп көріп отыр. Әзірге бұл күпірлік немесе дінімізге, салтымызға қайшы дегендер жоқ. Егер солай болған күннің өзінде автордың мұндай қарсылықтарға айтар дәлелі де бар екен. Себебі мұндай бастамаларды бірден жерсініп кетуі де, ха­лықтың бірден қабылдап кетуі де қиын көрінеді. 

Алматыдағы салттық қызмет көрсету комбинаты директорының орынбасары Марат Исмаиловтың айтуынша Кеңсайдың ең биігіндегі кейбір ескерт­кіштердің құны 100 мың доллар­дан асып кетеді. Шамасы жеткендер француз дизайнерлеріне тапсырыс береді екен.

Сонымен қатар әңгіме барысында  салттық қызметке қатысты заңсыздықтың бәрі ауруханада, мәйітханадағы аса құпия саналатын ақпараттардың сыртқа шығып кетуімен басталады екен. Басқаша айтқанда, кейбір жекеменшік компаниялар артында қалған туыстарының есігін қағып өздерінің «қызметтерін» ұсынатын көрінеді. 2019 жылы Астанада құқық қорғау қызметкерлерінің қаза тапқандар туралы деректерді жерлеу қызметтеріне сат­қаны туралы ақпарат шыққан. Сол кезде Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі превенция департаментінің басшысы Анар Жарова жерлеумен айналысатын компаниялар өкілдері қайғылы оқиғадан кейін қайтыс болған кісінің үйіне бірден келетін жағдайлар жиі кездесетінін айтқан. Анықталғандай, қаза болған азаматтардың жеке дерегін «102» деректер базасынан сыйақы үшін полиция қызметкерлері берген. Нәтижесінде, Астананың Алматы және Сарыарқа аудандарының полиция басқармалары кезекші бөлімдерінің 9 қызметкері (көбісі майор шеніндегі) қызметтік тәр­тіпті өрескел бұзғаны, құқық қорғау ор­га­нына кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін қызметтен босатылғандығын айтып өтті. 

 Сондай-ақ Марат Исмаилов Жерлеу қызметі индустриясындағы көлеңкелі бизнестің Алматыдағы жылдық айналымы миллиардтардан асып кетуі мүм­кін деген деректер бар екенін, заңның болмауынан адамдар ақыреттік орын­дарын да сатып алып жатқанын атап өтті. 

«Кеңсай» алматы­лық­тардың ұғымында ұлттық пантеон ретін­де қалыптасып қалған. Қоғамда шамасы келгеннің бәрі ақыреттік мекенін Кең­сай­дан сайлап қойғысы келетіндер да көбейіп барады. Есенғали ақын айт­пақ­шы, «Кеңсайдың жолы – қиын жол, оны қиындатқан – тірілер»,- деп Исмаилов ойын түйіндеді.