Синоптиктер 2023 жылдың 8-10 тамызына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның орталығында, шығысында, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады.
«Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайтын тұрақсыз ауа райы сақталады, республиканың орталығында, шығысында, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында екпінді желмен, бұршақ жауады», деп хабарлады мамандар.Синоптиктердің айтуынша, бұл ретте температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Еліміздің батыс аймақтарында ашық әрі ыстық ауа райы сақталады.