Астана қаласының еңбек мобильділігі орталығында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы аясында 2023 жылғы 7-9 тамыз күндері Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданына қоныс аудару бойынша кеңес өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл бағдарламаның мақсаты – базалық қызметтерге халықтың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайды жақсарту және тұрғын үй құрылысын дамыту, сондай-ақ көліктік байланысты қамтамасыз ету және елдің көліктік-транзиттік әлеуетін жоғарылату есебінен азаматтардың қолайлы өмір сүру ортасын құру.
Қоныс аудару кезінде азаматтарға:
• Тұрғын үй сатып алуға сертификат – 4 млн теңгеге дейін беріледі;• Отбасының әрбір мүшесіне берілетін субсидия – 70 АЕК (241 500 теңге);• Тұрғын үй жалдау ақысын төлеу – 1 жылға дейін;• Қайтарымсыз гранттар – 400 АЕК (1 380 000 теңге);• Тұрақты жұмыс табуға көмектесу (бүгінде барлығы 118 бос жұмыс орны бар).
Сонымен қатар Жамбыл ауданы Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, Ресейдің Қорған облысымен және Қостанай облысымен, Мамлют, Есіл, Шалақын және Тимирязев аудандарымен (Петропавлдан 140 км) шектеседі. Ауданның жалпы ауданы 7,47 мың шаршы шақырымды құрайды. Тұрғындар саны 22,5 мың адам болса, оның ішінде 16,8 мың адам жұмыспен қамтылған. Облыста 14 діни бірлестік (мұсылман – 8; православие – 3; протестанттық – 3) бар.
Облыс экономикасының негізгі саласы – ауыл шаруашылығы, оның ішінде өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы.
Облыста 12 автобус (2 ауылдық, 1 қалааралық және 9 қалалық), 30 мектепке дейінгі білім беру мекемесі, 33 орта мектеп, 1 өнер мектебі, 1 кәсіптік лицей, 6 мектеп-интернат (қазақ, орыс немесе аралас тілде оқытатын) ұйымдастырылған.