• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Спорт 08 Тамыз, 2023

«Спорт әскеріміздің сапасын күшейтеді»

200 рет
көрсетілді

Әскери ортада бәсекеге қабілетті спортшы көп. Олар жеке спорт түрлері бойынша да, командалық сайыстарда да әр­дайым үздіктер қатарынан көрініп жүр. Солардың бірі – Ақтау қаласындағы 3502 әскери бөлімінде сарбаз-атқыш болып қызмет ететін Мансұр МИМБУЛАТОВ. Жуырда сарбаз-спорт­шымен әңгімелесудің сәті түскен еді.

– Жекпе-жек ұрыстан Ұлт­тық ұланның бес мәрте чемпионы қай жерде өмірге келді?

– Мен 1992 жылы Ақтау қа­ласында дүниеге келгенмін. Сол қаладағы №23 мек­тепті аяқ­таған соң, денешы­нықтыру ма­мандығы бойын­ша кәсіби-тех­никалық колледжі­не оқуға түс­тім. Кейін білім алуды Ш.Есе­нов атындағы Каспий мем­ле­кеттік технологиялар және ин­женеринг университетінде жал­ғастырдым. 2014 жылы Отан ал­дындағы борышымды өтеуге аттандым. Ал 2016 жылдан бері әскери қызметтемін. Жекпе-жек ұрыспен 15 жылдан бері айналысып жүрмін.

– Әскери қызметке қалай келдіңіз?

– Жақындарымның арасында әскери қызмет атқарғандары жоқ. Бұл салаға өзімнің саналы таң­дауым­мен келдім. Өзіме ұнай­­ды. Бұ­дан артық не керек? Сон­дықтан өз ше­шіміме өкін­бей­мін. Әрі-бері­ден соң ел игілігі жолын­да ең­бек етіп жатырмыз деп санаймын.

– Әскери қызмет пен спортты қалай ұштастырып жүрсіз?

– Әскери салада жұмыс іс­тейтін азаматтар үшін спортпен шұғылдану аса маңызды. Әскери тұлға – дене бітімі келіскен, шымыр, батыл да батыр адам. Ал мұндай жан спорттан қалайша алыс болады? Жалпы, кез келген азамат әйтеуір бір спорт тү­ріне бейім болады. Тым болма­ған­да, саламатты өмір салтын ұс­тануға тырысады. Мұның өзі – жетістік. Меніңше, екеуі бір-біріне кедергі келтірмейді. Сон­­­дықтан әр ұландық спортпен шұ­ғылдана білгені жөн. Бұл әс­ке­­ріміздің сапасын арттырады.

– Бізге сіздің спорттағы ал­ғашқы қадамыңыз қай кезде басталғаны қызық.

– Спортқа 10 жаста келдім. Жастайымнан шаруаға ыңғай­лы, спортқа әуес бала болып өс­тік. Шәкірт ре­тін­де ең алғаш рет Алексей Меще­ряков­тен тәлім алдым. Кейін Ұлттық ұланның спорт командасын ­даярлау орталығының бастығы полковник Сәтжан Әбі­шевтің қол астында жаттыға бас­тадық. Сол кісілер бізді әркез жігерлендіріп, барынша қолдап отырды.

– Спортты өмірлік серік ет­кен талай азамат әскердің мақ­­танышы саналады. Тіпті олар­дың арасында еліміздің мерейін асырып жүргендер де көп. Солардың бірі – өзіңіз.

– Асыра мақтап жіберген сияқтысыз (күліп). Шүкір, ұзақ жаттығудың нәтижесінде бір­шама жетістіктерімнің бары рас...

– Атап өтсеңіз, артық болмас еді.

– Әлем чемпионатында әмбе­бап жекпе-жектен бірінші орын иеленгенмін, жекпе-жек ұрыстан Әлем кубогінің күміс жүлдесін, дәл осы спорт түрінен еліміздің екі дүркін, Ұлттық ұланның 5 дүр­кін чемпионы болдым. Бұдан бө­лек, 2 рет ел кубогінің иегері атан­дым. Айтпақшы, биыл 16-17 мау­сым күндері Астанада өт­кен жекпе-жек ұрыстан әлем чем­пио­натында 3-орын алдым. Не­гі­зі бұдан да жақсы нәтиже уыс­та тұрған. Өкінішке қарай, алған жа­ра­қатымның салдарынан кезекті жекпе-жекке шыға алмай қалдым.

– Алда қандай жарыстар күтіп тұр?

– Қазіргі сәтте сауықтырудан өтіп, жоспарлы жатты­ғу­­ларымды қайта жандандырып жа­тырмын. Өйткені алдағы қара­ша айында елордамызда өтетін Қорғаныс министрінің кубогіне таласпақ ойым бар. Бұйырса, өзім­нің бабымда екенімді сол жер­де қайта дәлелдеп бергім келеді.

– Бос уақытыңызды қалай және қайда өткізесіз?

– Мұндай сәтте теңіз жағалап, жаяу серуендегенді құп көре­мін. Өйткені қазіргі техника мен технология дамыған заманда өзі­мізді-өзіміз күтпесек болмайды. Сол себепті жаяу жүру денсаулыққа өте пайдалы. Мұны мен айтпасам да оқырмандар жақсы біледі. Оның үстіне күйбең тірліктен бір сәтке оқшауланып, оңашаланған да ұнайды. Сана сер­гісе, жүрек тыншиды. Жаныңа жайлылық сыйлай алсаң, өзіңді өзің тәрбиелегенің. «Жеңістің ең үлкені – өзіңді өзің жеңу» деген сөзді естіп едім. Жаны бар сөз. Кержалқау жанның жанын қаритын, босбелбеу жігіттің намысын оятатын-ақ сөз. Сондықтан мен бос уақы­тымда өзімді физикалық тұр­ғыда ғана дамытпай, рухани жетіл­діруге де күш саламын.

 

Әңгімелескен

Жанболат КЕНЖЕҒҰЛ,

журналист