Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 446 – 450 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 446– 450,5 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 446,5 – 449,1 теңге аралығында құбылып тұр.8 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,51 теңгеге төмендеп, 445,93 теңге болған.
Ұлттық банктің 9 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 445,88 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,64 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,53 – 4,77 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,65 - 4,75 теңгеден сатылуда.