• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Өнер 09 Тамыз, 2023

Аустрияда қазақ әуені қалықтады

356 рет
көрсетілді

Кенен Әзірбаев атындағы ­Жам­был облыстық филар­мо­ния­­сы Аустрияның оңтүс­ті­гін­де орналасқан Филлах қала­сын­да өткен «Villacher Kirchtag» атты дәстүрлі фестивальға қа­­тысты.

Фестиваль сахнасында Мәдениет саласының үздігі Дастан Көрегеннің жетекшілігіндегі «Алатау» фольк­лорлық ансамблі, Мәдениет саласының үздіктері Оңал Азаматова, Жанатбек Кәдіров және Жандос Ома­ров өнер көрсетті. Мәдени байқауды 100 мың көрермен тамашалап, 40-қа жуық мемлекеттен 3000-ға жуық өнерпаз қатысты.

Қазақстанның Аустрия Респуб­ликасындағы, Словения Республи­ка­сындағы Төтенше және өкілетті ел­шісі, Вена қаласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым­дар жанындағы тұрақты өкілі Әлібек Бақаев Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжатта­ма басқармасының бас­шысы Ерлан Жүнісбайға, К.Әзір­баев атындағы Жамбыл облыстық филар­мониясының директоры Сейітқасым Түктібаевқа алғыс білдіріп, өнер­паз­дарды да марапаттады.

Сондай-ақ филармония өнер­паз­дары 78-дәстүрлі фестивальдың жабылуына арналған «Ұлттық киімдер шеруіне» қатысты. Деректерге сенсек, мәдени іс-шараны 150 мың көрермен тамашалаған.

Шеруге көк байрағымызды жел­бі­ретіп, еліміз атынан қатыс­қан К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыс­тық филармониясы «Атамекен», «Өз елім» және халық әндері мен Ән­ұран­ды орындады.