Шотландияның бас шаһары – Глазгода тасжолдағы велоспорттан әлем чемпионатының алауы тұтанды.
Жарыстың алғашқы күніндегі топтық сайыста велошабандоздар 271,1 шақырым қашықтыққа жарысты. Жазық тасжолда өткен жарыста екі дүркін әлем чемпионы, нидерландтық Матье ван дер Пул жеңіске жетті. Оның уақыт көрсеткіші – 6 сағат 7 минут 27 секунд. Күміс жүлдеге жеңімпаздан 1 минут 37 секунд қалып қойған бельгиялық Ваут Ван Арт қол жеткізсе, қола медаль «Тур де Франс» жарысының екі дүркін жеңімпазы, словениялық Тадей Погачарға бұйырды.
Ел құрамасы сапынан жарыс жолына шыққан отандастарымыздың арасында ең үздік нәтиже Алексей Луценкоға тиесілі. Ол мәреге 49-шы болып жетті. Ал Дмитрий Груздев, Игорь Чжан және Глеб Брусенский мәреге жете алмаса, Евгений Федоров бұл сайысқа қатыспады.