Кейінгі үш жылда елімізге саяхаттайтын экотуристер саны артып келеді. Мәселен, 2020 жылы әлемнің тоғызыншы территориясына 985 мың экотурист келген болса, 2022 жылдың соңындағы дерек бойынша олардың саны екі есеге артып, 2 миллионға жеткен.
«Бұл – еліміздегі экологиялық туризмнің оң бағытта дамып келе жатқанының және елдегі экотуризм мәдениетінің қалыптасқанының көрсеткіші. Сондай-ақ республиканың ұлттық саябақтарында жаңа туристік нысандар – визит-орталықтар, кемпингтер мен глэмпингтер салынып жатыр. Онда қонақтарға жергілікті экожүйе және жабайы жануарлар, туристік маршруттар, тасымалдау пункттері, т.б. ақпарат беріледі. Мысалы, «Аюсай» визит-орталығында туристердің қауіпсіздік журналына әртүрлі соқпақ жолдармен шығатын саяхатшыларды тіркейді. Егер демалушылар сағат 22.00-ге дейін тұрар жайына оралмаса, визит-орталық қызметкерлері оларды іздеуді бастайды», деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.