• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Тамыз, 2023

Саран қаласының әкімі қызметінен кетті

301 рет
көрсетілді

Ержан Темірханов Қарағанды ​​облысындағы Саран қаласының әкімі қызметінен босатылды. Қала басшысының міндетін уақытша Алмас Сүлейменов атқарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ержан Темірхановтың қызметінен кеткенін «Вечерняя Караганда» телеграм арнасы жазды. Басылымның мәліметінше, әкімнің еңбек келісім-шартының мерзімі аяқталған.

Ержан Темірханов 1980 жылы туған, Қарағанды ​​заң институтын және Бөкетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын Алматы қаласы бойынша кедендік бақылау департаментінде бастаған (2002-2005), кейін Алматы және Қарағанды ​​қалаларындағы жеке ұйымдарды басқарды, 2011 жылы «БТА Банкі» АҚ-да басқарма басшысы қызметін атқарды. 2012-2013 жылдары Қарағанды ​​облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасын басқарды, 2013 жылы Қарағанды ​​қаласы әкімінің орынбасары, 2013-2017 жылдары Қарағанды ​​қаласы Октябрь ауданының әкімі болды.   Ержан Темірханов Саран қаласының әкімі қызметін 2017 жылдың мамыр айынан бері атқарды.