• RUB:
    5.16
  • USD:
    529.65
  • EUR:
    544.64
Басты сайтқа өту
Президент 09 Тамыз, 2023

Президент Павлодар облысы кәсіпорындарының өнімдерімен танысты

224 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысына жұмыс сапары барысында жергілікті кәсіпорындардың өнімдерімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Көрмеге тамақ және қайта өңдеу, ауыл шаруашылығы сондай-ақ металлургия, машина жасау, құрылыс индустриясы, мұнай химиясы және фармацевтика салаларындағы кәсіпорындар қатысты.Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтағы кәсіпорындардың өнімдер көрмесін аралап көріп, жергілікті кәсіпкерлермен әңгімелесті.Бизнес-қоғамдастық өкілдерімен әңгімелесу барысында Президент шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту ісінде серпіліс жасап, қажетті ынталандырулар мен преференцияларды пысықтау қажет екенін айтты.