• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Тамыз, 2023

Алматыда мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы өседі

245 рет
көрсетілді

Алматы қаласында мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы 30%-ға ұлғаяды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Атап айтқанда, хайуанаттар бағы, цирк, қуыршақ театры, «Алатау» дәстүрлі өнер театры, мемлекеттік мұрағат, кітапхана, музейлер бірлестігі, «Алматы әуендері» ұйымы қызметкерлерінің жалақысы өседі.

Қазіргі уақытта мәдениет саласы қызметкерлері жалақысының орташа деңгейі 138 мың теңгені құрайды.

Қалалық мәдениет басқармасының хабарлауынша, жалақыға байланысты жас мамандар жұмыстан жиі кетеді және бұл өз кезегінде жас білікті кадрларды тәрбиелеуді қиындатады. Сондықтан Алматы мәслихатының қарауына қалалық мәдениет басқармасының ұйымдары, кәсіпорындары қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу мәселесі ұсынылды.