«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, жаңбыр жауады. Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауылмен қатты жаңбыр жауады.
Еліміздің батысында, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республикамыздың басым бөлігінде синоптиктер екпінді жел тұратынын болжайды.
Күндіз Алматы, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстік-батысында аптап ыстық болады деп күтіледі: +35...+42°С .
Астанада күн құбылмалы, аспанды бұлт басып, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп болжанады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 5-10 м/с, күндіз найзағай кезіндегі екпіні - 15 м/с. Ауа температурасы түнде: + 17...+ 19°С, күндіз: +27...+ 29°С.
Алматыда аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +19...+21°С, күндіз: +32...+34°С.
Шымкентте күн құбылмалы, аспан бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: +21...+23°С, күндіз: +34...+36°С.