Мемлекет басшысы Павлодар ақпараттық технологиялар колледжінің негізінде құрылған аймақтық IT-Hub қызметімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мұнда ақпараттық қауіпсіздік және машина жасау саласының болашақ мамандары ІТ-нарықтағы заманауи машықтарды меңгеріп, бизнес серіктестер табады. Қала оқушыларына мектеп жасынан кәсіптік бағдар беру үшін IT Hub базасында «Робототехника», «Графикалық дизайн», «3D-прототиптеу» бағыттары бойынша курстар ұйымдастырылған. Сондай-ақ ересектерге арналған компьютерлік сауат ашу курсы бар.
Президент желілік және жүйелік басқару, 3D-прототиптеу зертханаларын, сондай-ақ металды лазермен кесу цехын аралап көріп, оқытушылармен әңгімелесті.