• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Спорт 10 Тамыз, 2023

Германия Гран-приіне қатысады

198 рет
көрсетілді

11-13 тамыз күндері Германияның Дорт­мунд қаласында грек-рим күресінен «Grand Prix of Germany» халықара­лық турнирі өтеді. Оған ел құрамасының ­балуандары да қатысады.

 

Германиядағы турнирде халықаралық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғап жүрген тәжірибелі 10 балуанымыз сынға түседі. Кей салмақтарда екі спортшымыз өнер көрсетеді. Атап айтар болсақ, Гран-при турнирінде ел намысын Марлан Мұқашев (55 кг), Айдос Сұлтанғали (60 кг), Алмат Кебісбаев пен Мейіржан Шермаханбет (67 кг), Ерасыл Нұрбосынов (72 кг), Тамерлан Шадукаев пен Демеу Жадыраев (77 кг), Ерұлан Ысқақов (97 кг) пен Әлімхан Сыздықов (130 кг) қорғайды.

Бұл жарыста Қазақстан құрамасының балуандары күз мезгілінде Қытайда өтетін XIX жазғы Азия ойындары мен әлем чемпионатына дайындығын пысықтайды.