Жетісу облысындағы Ешкіөлмес ауылында төрт көшені су басты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, бүгін, 12 тамызда Жетісу облысының Ескелді ауданы Ешкіөлмес ауылында қатты жауған жауын-шашын салдарынан елді мекеннің төрт көшесін су басты.
Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің күштері жұмылдырылған. Су басқан аумақтардың тұрғындары жартылай эвакуацияланып жатыр.