Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Монреальда (Канада) өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалдағы матчын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстандық теннисші ширек финалда ресейлік теннисші, әлемнің 10-ракеткасы Дария Касаткинамен бақ сынасты.
Елена Рыбакина 5:7, 7:5, 7:6 (10:8) есебімен ұтты.
Қазақстандық теннисші 3,5 сағатқа созылған матч кезінде 7 эйсті орындап, 7 қос қателік жасады. 24 брейк-пойнттың 10-ын сәтті пайдаланды.
Елена Рыбакина жартылай финалда тағы бір ресейлік теннисші, әлемнің 18-ракеткасы Людмила Самсоновамен ойнайды.