Канаданың Монреаль қаласында жалауы желбіреген жүлде қоры 2 788 468 АҚШ долларын құрайтын WTA 1000 турнирі өз мәресіне жақындап қалды.
Аталған жарыста Қазақстанның бірінші және әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина табысты өнер көрсетуде. Алғашқы айналымда бос болған ол екінші кезеңде америкалық Дженифер Брэйдиден басым түсті. Одан кейін АҚШ-тың тағы бір өкілі, 2017 жылғы US open додасының жеңімпазы Слоан Стивенске сан соқтырды. Ширек финалда WTA рейтингінде 14-орында тұрған Билли Джин Кинг кубогінің жеңімпазы, ресейлік Елена Дарья Касаткинамен күш сынасты. Өте тартысты өткен бәсекеде жерлесіміз 5:7, 7:5, 7:6 есебімен жеңіске жетті. Жартылай финалда Рыбакина Ресей теннисшісі, әлемнің 18-ракеткасы Людмила Самсоновамен сайысқа түседі.
Юлия Путинцева АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтетін турнирдің іріктеу сайыстарын сәтті өткізуде. Кеше испаниялық Сара Соррибес-Тормоны 7:6, 7:5 есебімен тізе бүктірген ол финалға жолдама алды. Ал Анна Данилина жартылай финалда франиялық Варвара Грачеваға есе жіберді – 6:4, 3:6, 2:6.