• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қаржы 14 Тамыз, 2023

Ұлттық валюта құлдырап барады

670 рет
көрсетілді

Бүгін ұлттық валюта бағамы бір долларға 449 теңгеге дейін төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

KASE валюта нарығында мұнай бағасы төмендеп, азиялық қор индекстері құлдырап жатыр. Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы хабарлады.

Аптаның соңына қарай Қазақстандағы тоқсандық салық кезеңінің басталуы сыртқы тұрақсыздықты басады деп болжанған еді. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы USD-KZT жұбы бір долларға 449 теңге деңгейінде саудаланып жатқанын хабарлады. 

Сондай-ақ қауымдастық Brent маркалы мұнай бағасы жұма күні 0,5%-ға өсіп, барреліне 86,8 доллар болса, қазір 86 долларға дейін құлдырап жатқанын айтты.