• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 14 Тамыз, 2023

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы сайланды

290 рет
көрсетілді

Бүгін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ акционерлері кезектен тыс жалпы жиналыс өткізді. Жиын қорытындысы бойынша Ернат Бердіғұлов ҚМГ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ернат Бердіғұлов 2010 жылы Торонто университетінде «Мемлекеттік саясат және халықаралық зерттеулер» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін, 2018 жылы Уорвик университетінде «Іскерлік басқару» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды, ал қазіргі уақытта Гарвард көшбасшылықты дамыту институтында білім алып жатыр.

Осыған дейін Whiteshield Partners компаниясында жобалар жетекшісі, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ-да стратегия, тұрақты даму және цифрландыру жөніндегі бірлескен басқарушы директор ретінде қызмет етті. Қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» АҚ-ның стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарады.

ҚМГ Директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы, тәуелсіз директор Кристофер Уолтон ҚМГ Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес, 9 жылдан астам уақыт тәуелсіз директор ретінде ұлттық компанияның Директорлар кеңесінің құрамында болғандықтан кеңес құрамынан шықты.

ҚМГ Директорлар кеңесінің мүшелері Е.М.Отыншиев, Ұ.С.Қарабалин, М.М.Мырзағалиев, А.С.Жұбаев, А.Ә.Арғынғазин, Ф.М.Холланд қайта сайланды. Сондай-ақ АКЖЖ нәтижесі бойынша ҚМГ ДК құрамына Мыңшарипова Сая Найманбайқызы тәуелсіз директор болып сайланды.