• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Тамыз, 2023

Елордада автобустың жаңа екі бағдары қатынай бастайды

383 рет
көрсетілді

Астана қоғамдық көліктің жаңа екі бағдары қатынай бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz қала  әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

№ 49 бағдар мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығын Бас мешітпен байланыстырады. Автобус «Көктал-1» – «Көктал-2» тұрғын алаптары, «Көктал» паркі, «Жағалау» тұрғын алабы, Ш. Айтматов, Сығанақ және Бас мешіт көшелері арқылы қатынайды.

№ 57 бағдар «Нұрлы жол» теміржол вокзалы мен Қазыбек би көшесін біріктіреді. Бұл бағытты іске қосу Төле би көшесінде қызмет көрсетуге, Сығанақ, Сарайшық және А. Байтұрсынов көшелерінде көлік қатынасын жақсартуға мүмкіндік береді. Осылайша, №40 автобустың жүктемесі төмендетіледі. Сондай-ақ Р.Қошқарбаев даңғылымен автобустарды іске қосу мүмкіндігі пайда болады.

Автобустардың қозғалыс сызбасы қосымша хабарланады.