• RUB:
    4.94
  • USD:
    495.2
  • EUR:
    522.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 15 Тамыз, 2023

Талдықорғанның авиациялық базасында әскери қызметкер көз жұмды

234 рет
көрсетілді

Бүгін Талдықорғанның авиациялық базасында төтенше жағдай болды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«2023 жылғы 15 тамызда Талдықорған авиациялық базасында жауынгерлік ұшақты ұшуға дайындау кезінде оқ-дәрілер өздігінен қозғалып кеткен. Оқиға салдарынан 2 әскери қызметші зардап шекті. Олардың біреуі алған жарақаттарынан қайтыс болды. Екінші әскери қызметшіге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр», делінген ресми хабарламада.

Қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

«Қарулы күштердің қолбасшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», деп қосты ведомство өкілдері.