• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Тамыз, 2023

Алматының бірнеше көшесінде жол қозғалысы уақытша шектелді

141 рет
көрсетілді

16-17 тамыз аралығында қалада жылу желілерін реконструкциялау жұмыстарын жүргізу жоспарланған, осыған байланысты бірқатар көше уақытша жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

16 тамыз сағат 10:00-ден бастап Әуезов ауданында Сүлейменов көшесімен (автобус жолағы бойынша) Тоқтабаев көшесінен Пятницкий көшесіне дейін, сонымен қатар Түрксіб ауданында 16 тамыз сағат 21:00-ден 17 тамыз сағат 06:00-ге дейін Сейфуллин көшесінен Монтина көшесіне дейін (шығыс бағытта) көлік қозғалысы шектеледі.

«Аталған көшелер астындағы магистральдық құбыр учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу үшін уақытша шектеулер енгізіледі. Қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз», делінген «Алматы жылу жүйесі» ЖШС таратқан хабарламада.