• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 17 Тамыз, 2023

Үкіметте тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша кеңес өтті

220 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың төрағалығымен тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша кеңес өтті. Кеңеске орталық мемлекеттік органдардың басшыларының орынбасарлары мен Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кеңесте тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының іс-шаралар жоспарының қайта қарау жобасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау шараларын заңнамалық тұрғыда күшейту, сондай-ақ2023-2024 жылдарға арналған отбасы құндылықтарын насихаттау бойынша5 жүйелі бағыт қарастырылды. 

Олар:

1. Профилактикалық шаралар (қиын жағдайға тап болған отбасы мен адамдарды анықтау, олардың алғашқы оңалту шаралары);

2. Инфрақұрылымды кеңейту: қайталама, үшінші реттік оңалту, реинтеграция;

3. Мамандармен қамтамасыз ету;

4. Заңнама;

5. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары. 

Жиналыс қорытындысы бойынша Тамара Дүйсенова мемлекеттік органдарға бір апта ішінде айтылған ескертулер мен ұсыныстар бойынша Іс-шаралар жоспарын қайта пысықтауды тапсырды.  Осы жылдың тамыз айының соңына дейін іс-шаралар жоспарын бекіту жоспарлануда.