• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Оқиға 17 Тамыз, 2023

Қарағанды ​​облысында көмір шахтасы өртенді

356 рет
көрсетілді

Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасында конвейер лентасы өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға орнына облыс әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин мен Шахтинск қаласының әкімі Мұрат Қыдырғанбеков және «ПВАСС» РТСШ қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

17 тамыз күні сағат 10:05-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ тау-кен өндіру дирекциясының «Қазақстан» шахтасында D6 көмір баурайында конвейер лентасы өртенді, қазір апатты жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Апат орнына «ПВАСС» РТСШ үш бөлімшесі (15 қызметкер және 5 техника) және Төтенше жағдайлар департаментінің 8 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды. Шахтада барлығы 227 адам болған. Адамдар шахтадан қаптал діңгегі арқылы құтқарылып жатыр. Қазір 131 адам шығарылды.