• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Президент 18 Тамыз, 2023

Үшінші сынып оқушысы Президентке өзі жасаған жұмыс үстелі органайзерін сыйлады

260 рет
көрсетілді

Үшінші сынып оқушысы Сәлім Көпеев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзі жасаған жұмыс үстелі органайзерін сыйға тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мен кездесуге кешігіп қалдым, дәретханада болған едім. Мынау сізге сыйлық, үстелге арналған органайзер. Парта үсті үнемі мектеп заттарымен былығып жатады. Соларға алаңдап, үлгермей қаласың. Әкем екеуіміз барлық сыныпқа арналған осындай органайзердің жобасын жасадық. Оны өзім басып шығардым», деді Сәлім Көпеев.

Президент жас өнертапқыштың сыйлығын ризашылықпен қабылдап, оған сәттілік тіледі.

«Жақсы жұмыс істедің», деген Қасым-Жомарт Тоқаев оқушымен бірге естелік суретке түсті.