• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 19 Тамыз, 2023

Қазақстандық мерген Париж олимпиадасына лицензия алды

278 рет
көрсетілді

Әзербайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатқан  стенд атудан 53-ші лицензиялық әлем чемпионатында Қазақстан намысын ең мықты 50 мергеніміз қорғайды. Ұлттық құрама көшбасшысының бірі Ислам Сәтбаев финалда 4-інші орын алып, Париж Олимпиадасының лицензиясына ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ерлер арасында «10 м пневматикалық мылтықтан ату» жаттығуының финалында 4-ші орын алып, нысана көздеу спортының аталған түрінен Париж Олимпиадасына баруға берілген төрт жолдаманың бірін жеңіп алған, сонымен қоса, 632,7 ұпаймен Қазақстан рекордын орнатқан Ислам Сәтбаевты Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов құттықтады.

«Ислам Сәтбаевты және Қазақстан құрама командасын бірінші олимпиадалық лицензияны жеңіп алуымен құттықтаймын! Бұл спортшыларымыз үшін Париждегі ойындарға соңғы жолдама емес екеніне сенімдімін. Биыл мергендеріміз ірі халықаралық біріншіліктерде керемет нәтиже көрсетуде. Мысалы, стенд атудан Қазақстан құрамасы Алматыда өткен Әлем кубогының медальдік есебінде үздік атанды. Құраманың өзге де мүшелерінің жоғары нәтиже көрсетулеріне тілектеспін», деді министр.

Оқ пен стенд атудан әлемнің 100 елінен 1500-ден астам спортшы қатысып жатқан лицензиялық әлем чемпионатында Париж Олимпиадасының 48 жолдамасы сарапқа салынады.