• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Спорт 20 Тамыз, 2023

Қазақстандық дзюдошы Хорватиядағы Гран-приде қола медаль жеңіп алды

232 рет
көрсетілді

Қазақстандық дзюдошы Бақытжан Әбдірахманов Хорватияның астанасы Загреб қаласында өтіп жатқан Гран-приде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бақытжан Әбдірахманов 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесті. Жұбаныш финалында ол тәжірибелі дзюдошы, косоволық Акил Киякованы вазари ұпайымен ұтты. Нәтижесінде ел құрамасы қоржынына қола жүлде түсті.

Қазақстандық балуан жарыс барысында бес кездесу өткізіп, оның төртеуін жеңіспен аяқтады. Іріктеу кезеңінде Венгрия, Франция, жұбаныш белдесуінде Түркия спортшыларын қапы қалдырды.