• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Жәдігер 20 Тамыз, 2023

Тақсай ханымы

230 рет
көрсетілді

Тәуелсіздік жылдарында еліміздің рухани қазынасына қосылған құндылықтың бірі – Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы жерінен табылған Тақсай ханымы (кей деректе абыз әйел).

Бұл жәдігер 2012 жылы археолог Яна Лұқпанованың жетекшілігімен жүргізілген экспедиция нәтижесінде жарыққа шықты. Отандық археологияда «Тақсай оба кешені» деген атқа ие. «Тақсай-1», «Тақсай-2», «Тақ­сай-3», «Тақсай-4», «Тақсай-5» қор­ғандарына қазба жұмысын жүргізу кездейсоқтық емес. Өйткені бұл өңір­ден 1965 жылы жер жырту барысында әртүрлі жәдігер табылған. Сөйтіп, арада 37 жыл өткен соң Тақсай кешеніне қазба жұмыстары қолға алынып, нәтижесінде, кере­мет қазыналар табылды. Бұл арте­фактілер б.з.д. V ғасыр үлесіне жатқы­зылып, табылған бұйымдар ата-баба­ла­рымыз сарматтардан қал­ған дүние екені дәлелденді. Осы­лар­дың ішін­де, кешеннің шығыс жақ шетін­­де орналасқан – диаметрі 41, биік­тігі бір метр болатын №6 обадан әйелдің мүрдесі қазылып алы­нуы жаңа тарих бетін ашты. Бұл мүрде – аса қымбат әшекейлі киім киген, шошақ төбелі сәукелесінің ұшына тау ешкі бейнесі орнатылған.

Мойнында тұтаса құйылған қос салпыншақты гривна, үстіндегі киі­мінің кеуде тұсына: шаршы һәм сопақша пішінді барақ ит пен қой­дың басы бәдізделген алтын әше­кейлер және дөңгелек формалы алтын моншақтар қапсырылса, жеңіне қасқырдың азу тістері қап­сы­рылған алтын құй­малы сал­пын­­шақ та­ғыл­ған. Білегінде мы­­сықтектес мүйіз­­­ді жыртқыштың бұ­зау­мен айқасы суреттелген білезігі бар. Сол қолында тол­қын өрнекті көкшіл түсті шыны ыдыс, оң қолына қоладан құйылған алтын сапты айна ұстаған...

Сонымен қатар қабірдің бір шетінен – саздан жасалған жіңішке мойынды ыдыс, ағаш тарақ салынған қобдиша табылса, үңгірдің орта тұсынан – түйе басты қола қазан, тана көзді шыны-аяқ, үңгірдің батыс бұрышынан – ат әбзелдері қазылып алынған.

Тақсай қорған кеше­нінен табылған әйел мүрдесін қалпына келтіру ісімен ар-хеолог Яна Аманкелдіқызы айналысса, оның фотобейнесін суретші Л.Тұрғынбаева жасап шыққан. Сондай-ақ кешеннен табылған жәдігерлерге Жапонияның Токио, Гер­манияның Бохум және Франк­фурт-Дюссельдорф, Ре­­сейдің Мәскеу, Санкт-Пе­тербург, Орынбор, Челябі, Пущино, Новосібір қалала­рынан келген мамандар зерттеу жүргізіпті.