ҚР Қаржы министрлігі «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Сондай-ақ жасы бойынша және еңбек өтілі бойынша зейнетақы төлемдерін 9,0%-ға арттыру көзделген.
МӘМС төлеуге жататын міндетті медициналық сақтандыруға мемлекет жарналарының мөлшері мемлекеттік жарналарды есептеу объектісінің 1,9%-ы болады.
Әскери қызметкерлерге (шұғыл әскери қызметкерлерді қоспағанда) және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық төлемдерді төлеуге арналған ақшалай өтемақы мөлшері өзгермейді және 3 739 теңге болады.
Заң жобасы 4 қыркүйекке дейін «Ашық НҚА» сайтына жарияланған.