• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Тамыз, 2023

Алматыда құрылған 38 мың жаңа жұмыс орнының 67 пайызы тұрақты

262 рет
көрсетілді

Бүгінде Алматы қаласының экономикалық дамуы оң динамиканы көрсетіп отыр, бұған инвестициялар ағыны мен іскерлік белсенділіктің өсуі дәлел болады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Мемлекет басшысына есеп беру барысында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Осыған байланысты жаңадан құрылған 38 мың жұмыс орнының 67 пайызы тұрақты жұмыс орнын құрайды. Мегаполис экономикасына сауда және өңдеу өнеркәсібі үлкен үлес қосып отыр, соңғысы тікелей шетелдік инвестициялар үшін ең тартымды сала болып саналады.

«Шетелден өңдеуші өнеркәсіпке салынған инвестициялар 2 есеге өсті. Бұл ретте жалпы жергілікті компаниялардың негізгі капиталына инвестициялау сомасы 752 млрд теңгеге жетті», делінген қала әкімдігі таратқан хабарламада.