• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Футбол 21 Тамыз, 2023

«Қайрат» қоланы қанағат тұтты

166 рет
көрсетілді

Испанияның Вальдепеньяс қаласында футзалдан «Mucho Mas» деп аталатын ха­лықаралық турнир өз мәресіне жетті.

Жартылай финалда Алматының «Қайра­ты» жергілікті «Барселонадан» 1:6 есебімен ойсырай ұтылды. Біздің командамыздың ойын­шылары арасындағы жалғыз голдың авторы – Денер Родриго. «Барселонаның» сапында Катела дубльдің авторы атанса, Серхио Гонсалес, Диего және Адольфо бір-бір рет­тен нысананы дәл көздеді. Тағы бір допты алма­тылықтар өз қақпасына соғып алды. Екінші жартылай финалда «Вальдепеньяс» «Пальманы» 4:3 есебімен ұтты. Қола медаль үшін бәсекеде «Қайрат» «Пальмамен» кездесіп, олардың қақпасына жауапсыз жеті гол соқты – 7:0. Бразилиялық легионер Денер Родриго хет-трик жасаса, Кайо Руис, Эдсон, Аллисон де Лима және Дуглас нысананы дәл көздеді. Ал бас жүлде «Барселонаға» бұйырды. Финалда олар «Вальдепеньясты» 2:1 есебімен жеңді. 

«Қайрат» 23-26 тамыз күндері Португа­лия­да өтетін «Masters Cup» додасында д­а бақ сынауды көздеп отыр. Бұл жарысқа алма­тылықтардан бөлек, жергілікті «Спортинг», «Бенфика» және «Брага» қатысады.