Әлемде адам санының күрт артуы түрлі климат өзгерісі тамақ өндірісі экономикасына жаңа талаптар жүктеп отыр. Технологияларды дамыту, ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібіндегі инновацияларды ілгерілету жер-жаһандағы азық-түлік қауіпсіздігінің негізі болмақ. Мұндай кезде дәл осы бағыттарға салынатын инвестицияны ұлғайту өте маңызды.
Болжамдар бойынша осы ғасырдың ортасына таман жер бетіндегі адам саны 9 миллиардтан асады. Бұл азық-түлік өндірісінің көлемін ұлғайтып қана қоймай, оның таралуы мен халықтың барлық тобына әділ бөлінуін қамтамасыз ету мәселесін қиындатады. Сонымен қатар климаттың өзгеруі тікелей ауыл шаруашылығына әсер етеді. Кейінгі кезде қуаңшылық және су басу сияқты табиғаттың қатаң құбылыстары да жиілеп кетті. Бұл ретте «Freedom Finance Global» сарапшысы Елдар Шәкенов келеңсіздіктерге қарамастан, ауыл шаруашылығының әлеуеті өте жоғары деп бағамдайды.
«Негізгі артықшылықтардың бірі – ауыл шаруашылығында орнықтылық пен технологияны дамыту. «Ақылды» ауыл шаруашылығы, сенсорларды және деректерді талдауды пайдалану шығындарды азайтуға, кірісті жақсартуға және ресурстарды оңтайландыруға көмектеседі. Азық-түлік өндірісінде инновация маңызды рөл атқарады. Жасанды ет және сүт өнімдерін, сондай-ақ ақуыздың баламалы көздерін жасау мүмкіндігі осы саладағы инвесторлар үшін жаңа көкжиекті ашады. Бүкіл әлем бойынша азық-түлікті тиімді таратуды қамтамасыз ететін заманауи сақтау және логистикалық жүйелерді дамытуға да көп көңіл бөлініп жатыр. Азық-түлікке деген сұраныс ешқашан азаймайды. Сондықтан осы саладағы маңызды акцияларды қарастырып өтудің де артығы болмайды», дейді сарапшы.
«Andersons, Inc.» (ANDE) – ауыл шаруашылығы тауарларының (бидай, тыңайтқыш, жем) өндірісі мен сауда-саттығына маманданған әртараптандырылған компания. Жекелеген өңірлерде бөлшек саудамен де айналысады.
Апсайд (күтілетін өсім) – 53 доллар деңгейіндегі орташа мақсатты бағаның 10 пайызы. Компания жеткізу тізбегінің түрлі кезеңін бақылап, үлкен икемділік пен маржаны қамтамасыз етеді. Халық санының көбеюі және азық-түлікке деген қажеттіліктің артуына байланысты компания нарық ауқымын кеңейтті және сатылымды арттырды. Сондай-ақ компания логистика мен өндірісте инновациялық шешімдерді белсенді енгізеді. Бұл өз кезегінде бизнес өсіміне әсер етіп, операциялардың тиімділігін жақсартады.
«Performance Food Group Co» (PFGC) – мейрамхана, кафе және дүкендерге тамақ өнімдерін жеткізумен айналысатын компания. Жаңа, ұзақ сақталатын және басқа да өнімдердің кең ассортиментіне ие.
Апсайд – 71 доллар деңгейіндегі орташа мақсатты бағаның 18 пайызы. PFGC – АҚШ-тың HoReCa-сегментіндегі тамақ өнімдерінің негізгі жеткізушісі және бизнес өсімі мен тұрақты тапсырыстарды қамтамасыз етіп отыр. Олар әлдеқайда саламатты және экологиялық таза нұсқаларды көбірек қоса отырып сатылым желісін белсенді түрде кеңейтеді. Компания шығындарды азайту және маржаны жақсарту үшін технологиялар мен қорларды басқару жүйелеріне инвестиция салады.
«Archer-Daniels-Midland Co» (ADM) – дақылдарды өңдеуге және азық-түлік ингредиенттеріне маңыз беретін жаһандық компания. Сонымен бірге ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасымен де айналысады.
Апсайд – 95 доллар деңгейіндегі орташа мақсатты бағаның 18 пайызы. Компания бүкіл әлем бойынша операциялық қызмет көрсетумен айналысады және жаһандық азық-түлік нарығында айрықша орны бар. Олар клиенттік базасын кеңейтіп, тәуекелдерді азайтатын әралуан тағамдық ингредиенттерді ұсынады. Тиімділікті арттыруға және шығындарды азайтуға көмектесетін ауыл шаруашылығы және биотехнология саласындағы инновацияларды белсенді түрде зерттейді және енгізеді.
«Tyson Foods, Inc.» (TSN) – АҚШ-тағы ет өнімдерінің ірі өндірушісі. Негізгі бағыты – ет өнімдерінің өндірісі мен сатылымы.
Апсайд – 56,4 доллар деңгейіндегі орташа мақсатты бағаның 10 пайызы. Бүгінде ет өнімдері нарығының айтарлықтай үлесін бақылап, ірі бөлшек сауда желілерімен тығыз байланыс орнатып отыр. Бұл компанияның орнықты сұранысы мен күшті позициясына мүмкіндік береді. Компания жаңа сойылғаннан мұздатылғанға дейінгі ет өнімдерінің кең ассортиментін ұсынады.
«Mondelez International, Inc.» (MDLZ) – кондитерлік өнімдер мен тіскебасарлар өндірісіндегі көшбасшы компания. Олар көпшілікке «Oreo», «Cadbury», «Milka» маркаларымен танымал.
Aпсайд – 81,4 доллар деңгейіндегі орташа мақсатты бағаның 13 пайызы. Әртүрлі нарығында ауқымды тұтынушылық аудиториясы бар, сол себепті де жетекші позицияға ие. Олардың қуатты дистрибьюторлық желілері әлемнің кез келген өңіріне тауар жеткізуге жағдай жасайды. Тұтынушылар арасында мойындалу мен танымалдылыққа ие болу компания өнімдеріне тұрақты сұраныс пен пайда әкеледі.
«Міне, тамақ өнімдеріне қаржы құю осылайша инвесторлар үшін тартымды болып тұрған жайы бар. Өйткені азық-түлікке деген сұраныс әркез жоғары. Жоғарыда аталған компаниялардың нарықтағы жетекші позицияларға, инновациялық тәсілдерге және әртараптандырылған өнім желілеріне негізделген күшті инвестициялық ұстанымдары бар. Алайда кез келген инвестиция секілді бұл саланың да әлеуетті мүмкіндіктері мен тәуекелдерін ескеру керек. Содан кейін ғана шешім қабылдап, салған салымнан табыс таба бастауға болады», дейді Е.Шәкенов.